12 мамыр 2022 | 20:28

Азамат Әмірғалиев әділет вице-министрі лауазымынан босатылды

Азамат Әмірғалиев. Фото: gov.kz

Азамат Әмірғалиев әділет вице-министрі лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Азамат Әмірғалиев әділет вице-министрі лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Үкімет қаулысымен Азамат Халимеденұлы Әмірғалиев Қазақстан Республикасы әділет вице-министрі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Әмірғалиев Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын үздік бітірген, Инновациялық  еуразиялық (МВА) университетін бітірген және The Management and Marketing Universal Business Shcool (МВА халықаралық бизнес мектебі, Ұлыбритания) университетін 2018 жылы бітірген. 

Реклама
Реклама

"Ерен еңбегі үшін" медалі мемлекеттік наградасы бар.

02.1998 - 05.1999 жылдары  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама және халықаралық құқық департаментінің аға маманы, бас маманы болып қызмет атқарды

05.1999 - 04.2001 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау және халықаралық донорлық көмек үйлестіру мәселелері бойынша басқарманың бөлім басшысы қызметін атқарды.

04.2001 - 10.2003 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің, бөлім бастығы, басқарма басшысының орынбасары, Директордың орынбасары, Департамент директоры болып қызмет атқарды.

10.2003 - 03.2006 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқықтары бойынша комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

03.2006 - 07.2006 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды.

11.2006 - 07.2009 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Заңнама бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

07.2009 - 02.2011 жылдары "Альянс Банк" АҚ  Корпоративті хатшысы болып қызмет атқарды.

02.2011 - 01.2017 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Заң бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.

01.2017 - 03.2019 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы аппаратының басшысы қызметін атқарды. 

03.2019 - 10.2020 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы болып қызмет атқарды.

10.2020 жылдан бастап әділет вице-министрі қызметін атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная