16 шілде 2022 15:09

Азаматтық авиация комитеті Air Astana мен FlyArystan рейстеріне қатысты мәселені тексереді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Азаматтық авиация комитеті өкілі Air Astana және FlyArystan әуекомпаниялары рейстерінің кешігуі туралы шағымдарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Азаматтық авиация комитеті өкілі Air Astana және FlyArystan әуекомпаниялары рейстерінің кешігуі туралы шағымдарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Air Astana мен FlyArystan әуекомпанияларының Алматы - Мале, Нұр-Сұлтан - Ташкент және Алматы - Қостанай рейстерінің, сондай-ақ, басқа да бағыттар бойынша кешігуіне қатысты әлеуметтік желілердегі жолаушылардың көптеген өтінішіне байланысты тиісті тергеу жүргізеді. Рейстерді кешіктірген және тоқтатқан кезде жолаушылардың құқықтары бұзылған деректер анықталса, әуекомпаниялар әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деді ведомство өкілі.

Осы рейстердің жолаушылары cc@сaakz.kz электрон адресі бойынша жазбаша өтінішпен жүгіне алады. 

Реклама
Реклама

"Сонымен қатар, тасымалдаушының кінәсінен рейс кідірген немесе орындалмаған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жолаушыларға тегін ана мен бала бөлмесі, рейсті 2 сағат күткен кезде салқын сусындар, 4 сағат күткен кезде ыстық тамақ (бұдан әрі күндіз әр 6 сағат сайын және түнде 8 сағат сайын) берілуі керек. Сондай-ақ, күндіз 8 сағаттан артық және түнде 6 сағаттан артық рейсті күткен кезде қонақүйде тұру мүмкіндігі қарастырылуы, тұратын орынға дейін және одан әуежайға кері қайту қамтамасыз етілуі қажет", - деп еске салды ААК қызметкері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram