24 ақпан 2023 | 11:22

Аздаған айыппұл төлесін - Досаев барахолка базары бойына көлік қоятындар туралы

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы әкімі Ерболат Досаев барахолка базары бойына көліктердің бейберекет тоқтауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімі Ерболат Досаев барахолка базары бойына көліктердің бейберекет тоқтауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуде алматылықтардың бірі мегаполис басшысына жүгінді. Ол ақшаны үнемдеу мақсатында әмбебап базарлардың ақылы тұрағына кірмей, Солтүстік айналма тасжолы бойына тоқтап, көліктерін қоятын жүргізушілерге шара қолдануды сұрады.

"Солтүстік айналма жолдың бойында Жұмабаев көшесінен Көкмайса ықшамауданына дейін төрт базар орналасқан: "Кенжехан", "Қазына", "Арлан" және "Алаш". Былтыр бұл тасжолға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бордюрлер орнатылды. Бірақ қазір жүргізушілер бірінші жолақтан тұрақ жасап алған: 200 теңге үнемдейді, базардың тұрағына кірмейді. Осыған байланысты бұл көшеде үнемі кептелістер болады", - деп ашуланды ер адам.

Реклама
Реклама

Бұған жауап ретінде Ерболат Досаев полиция мен цифрландыру қызметкерлеріне ертеңнен бастап шара қолдануды тапсырды. Атап айтқанда, полицейлер белгіленген аумақты таңертең және кешке тексеріп, әкімдік қызметкерлері ол жерге "Сергек" камераларын орнатуы керек.

"Арыстанғани Расылханұлы (Заппаров - Алматы Полиция департаментінің бастығы - еск.) бөлейік. Мен қазір тапсырма беремін, көрсетілген аумаққа бір "Сергек" камера кешенін орнатыңыз. Такси жүргізушілері ол жерде автотұрақ жасап алса, енді аздаған айыппұл төлесін.

Ақша бар деп ойлаймын, алдағы екі айда камералар орнатамыз. Сондай-ақ, такси жүргізушілерімен жұмыс жүргізіңіздер. Жергілікті полиция қызметі неге жұмыс істемейді? Таңертең және кешке бір патруль көлігін сонда қойыңыздар. Бәрібір қаланы аралап жүреді, айырмашылығы неде. Ертеңнен бастап патруль қойыңыз, "Сергек" орнатылғаннан кейін патрульді алып тастауға болады", - деді Алматы әкімі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная