22 мамыр 2024 | 17:08

Әзербайжан алаяқтық жасады деген күдіктіні Қазақстанға экстрадициялады

видео кадры

Әзербайжаннан алаяқтық жасаған күдікті экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әзербайжаннан алаяқтық жасаған күдікті экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.

Бүгін ҚР Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігі көмегімен аса ірі көлемдегі алаяқтық жасаған Қазақстан азаматын Әзербайжаннан жеткізді.

"Ол 2021-2023 жылдар аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінен ұялы телефондарды арзан бағамен тасымалдайтыны туралы айтып, азаматтардың сенімдерін теріс пайдаланып, 21,5 миллион теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.

Одан бөлек, 2022 жылдың қаңтарында ол алаяқтық жолмен "Toyota Land Cruiser" көлігін иемденіп, жәбірленушіге 24 миллион теңге шығын келтірген", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті құқық қорғау органдарынан жасырынған, сол себепті оған халықаралық іздеу жарияланды.

"Қазіргі уақытта күдікті Астана тергеуизоляторына қамалды. Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін ол мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная