Әзербайжан арқылы мұнай экспорты: "ҚазМұнайГаз" өкілі келіссөздер туралы айтты

Әзербайжан арқылы мұнай экспорты: "ҚазМұнайГаз" өкілі келіссөздер туралы айтты Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

"ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Дәурен Қарабаев Әзербайжан арқылы қазақстандық мұнайды тасымалдау мүмкіндігін талқылау мемлекеттік деңгейде жүргізіліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әзербайжандық тараппен қазақстандық мұнайды тасымалдау мүмкіндігі туралы келіссөздер әртүрлі деңгейлерде, соның ішінде мемлекеттік, ұлттық компаниялар деңгейінде жүргізіліп жатыр. Келісімге қол жеткізген кезде толығырақ хабарлаймыз. Қазақстандық мұнай Әзербайжанның Баку - Тбилиси - Джейхан және Баку - Супса құбырлары арқылы тасымалдануы мүмкін", - деді Қарабаев брифингте.

Ол келіссөздер белсенді жүргізіліп жатқанын, бірақ әлі аяқталмағанын атап өтті.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама