ПОДЕЛИТЬСЯ
29 сәуір 2024 | 10:18
Әзербайжан мен Армения Алматыда келіссөздер жүргізеді
Әзербайжан мен Армения СІМ басшылары Алматыда кездеседі. Бұл туралы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен телефон арқылы сөйлескен кезде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әербайжан президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 сәуірде америкалық тараптың бастамасымен телефон арқылы сөйлесу өтті. Ильхам Әлиев екі елдің делимитация жөніндегі комиссиялары қол жеткізген уағдаластық диалог пен өзара түсіністік жағдайында екіжақты негізде жүргізілген талқылаулардың нәтижесі екенін атап өтті.
"Мемлекет басшысы Қазақстандық тараптың ұсынысы бойынша Әзербайжан мен Арменияның сыртқы істер министрлері жақын арада Алматыда бейбітшілік шарты бойынша келіссөздерді жалғастыру үшін кездесетінін айтты", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также