ПОДЕЛИТЬСЯ
21 қыркүйек 2023 | 09:52
Әзербайжан президенті Қарабақтағы операциядан кейін халыққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы іс-шаралардың басталуы және олардың сәтті аяқталуы нәтижесінде Әзербайжан егемендігін қалпына келтірді. Бұл туралы президент Ильхам Әлиев халыққа жолдауында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Sputnik Әзербайжанға" сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Терроризмге қарсы іс-шаралардың басталуы және олардың сәтті аяқталуы нәтижесінде Әзербайжан егемендігін қалпына келтірді. Бұл туралы президент Ильхам Әлиев халыққа жолдауында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Sputnik Әзербайжанға" сілтеме жасап.
Әлиев "армян мемлекеті Әзербайжан территорияларына заңсыз орналастырған және Арменияның міндеттемелеріне қарамастан осы уақытқа дейін шығарылмаған армияның едәуір бөлігі толығымен жойылды. Әскери техника жойылды және істен шықты", деп мәлімдеді.
Екінші Қарабақ соғысы аяқталғаннан бері 300-ден аса Әзербайжан азаматы мина террорының құрбаны болды. Кешегі теракт осы санаттағы оқиға болды, деді Әлиев.
Президент екінші Қарабақ соғысынан кейін "Лачин" шекара бекеті құрылғанға дейін Армениядан Әзербайжанның Қарабақ аймағына заңсыз миналар әкелініп, әртүрлі жерлерге орнатылғанын айтты.
Сонымен қатар, ол Қарабақтағы лаңкестікке қарсы шаралар тақырыбына тоқталды.
"Операция басталар алдында мен барлық әскери құрамаларымызға Қарабақ аймағында тұратын армян халқының терроризмге қарсы іс-шаралар салдарынан соққыға ұшырамауын және бейбіт тұрғындарды қорғау керек екенін айтып, тағы бір рет нақты тапсырдым", - деп атап өтті Әлиев.
Оның айтуынша, бұған жоғары дәлдіктегі қаруды қолдану арқылы қолжеткізілген.
"Азаматтық инфрақұрылымға ешқандай шабуыл жасамау, тек әскери инфрақұрылымды жою туралы тапсырма берілді", - деді мемлекет басшысы.
Қысқа мерзімді жергілікті антитеррорлық шаралар нәтижесінде қару-жарақ пен техниканың басым бөлігі істен шықты, деді Әлиев.
"Әзербайжан аумағында армян армиясына тиесілі жүзден аса танктер, бронетранспортерлер заңсыз орналастырылды. Радиоэлектронды күрес құралдары орналастырылды. Екі жүзден аса зеңбірек-артиллериялық қондырғылар, ең жаңа зениттік қондырғылар орналастырылды. 2020 жылғы 10 қарашадағы үшжақты мәлімдемеге қарамастан, Армения үш жылдан бері қарулы күштерін, адам күші мен техникасын біздің аумағымыздан шығармай отыр", - деді Мемлекет басшысы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также