Әжетханасыз өмір сүруге болмайды - Перуашевтің ұсынысына жауап

© Тұрар Қазанғапов

?Р Инвестициялар ж?не даму министрлігі ??рылыс істері мен т?р?ын-?й коммуналды? шаруашылы?ы комитетіні? басшысы Мархабат Жайымбетов Азат Перуашевті? ауылдан шы??ан жастар?а асхана мен ?жетханасы орта? жата?хана салу туралы ?сынысына ?атысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс істері мен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы комитетінің басшысы Мархабат Жайымбетов Азат Перуашевтің ауылдан шыққан жастарға асхана мен әжетханасы ортақ жатақхана салу туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз осыдан 2-3 жыл бұрын жатақханалардың типтік жобаларын дайындаған болатынбыз. Онда шаршы метрдің бағаларында аса айырмашылық жоқ. Әр бөлмеде санитарлық торап, жуынатын бөлме, әжетхана және тағы да басқасы бар. Меніңше, бұларсыз өмір сүру мүмкін емес. Мен 30 жыл бұрын студент болғанда барлық жағдайы жасалған жатақханада тұрдым. Сондықтан да баспананың басқа түріне көшу, меніңше, жөнсіз", - деді Құрылыс істері мен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы комитетінің басшысы Мархабат Жайымбетов

Сондай-ақ, ол Қазақстанда жатақханалардың жетіспейтінін айтып өтті.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, осыған дейін Азат Перуашев ауылдан шыққан жастарға асхана мен әжетханасы ортақ жатақхана салуды ұсынған болатын. Депутаттың айтуынша, жастарға арналған үйлердің асхана мен әжетханасы ортақ болуы тиіс. Сонда шаршы метрден үнемдеуге болады. Нәтижесінде баспананың құны 40 пайызға дейін төмендейді екен.

Ортақ асхана мен әжетхана. Астанадағы жатақханалардың жай-күйін мына жерден көре аласыздар.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама