"Азия дауысының" авторы Мұрат Ерғалиев қайтыс болды

"Азия дауысының" авторы Мұрат Ерғалиев қайтыс болды

Белгілі продюсер, "Жас Қанат", "Азия дауысы"  байқауларының негізін қалаушы Мұрат Ерғалиев коронавирустан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Белгілі продюсер, "Жас Қанат", "Азия дауысы"  байқауларының негізін қалаушы Мұрат Ерғалиев коронавирустан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаралы хабар туралы композитор Төлеген Мұхамеджанов жазды. Мұрат Ерғалиев 63 жаста болған.

"Менің досым - біздің әндерімізді насихаттау үшін өмірін, күшін, энергиясын берген адам, талант өмірден озды. Жас кезінен бастап ол ерекше қиялымен және телеарнада түрлі қызықты бағдарлама, сондай-ақ "Азия дауысы", "Жас қанат" секілді үздік  жобаларды, шетелдік әртістердің қазақтың әндерін орындайтын халықаралық конкурсы "Астана" және басқаларды  ұйымдастырудағы айрықша шығармашыл жолымен есте қалды. Ал қаншама әртісімізге: Димаш Құдайберген, Медеу Орынбаев, Толқын Забированың шығармышылық тағдырына жол ашты", - деп жазды Мұхамеджанов Facebook желісіндегі парақшасында.

Реклама
Реклама

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама