09 сәуір 2019 | 17:34

Әзірше ниет жоқ - сенатор Бектаев президент сайлауына түсу жайлы

Әли Бектаев. Фото:facebook.com/pg/PartiaAuyl

"Ауыл" халықтық-демократиялық партиясының төрағасы, сенатор Әли Бектаев мерзімнен тыс президент сайлауына түсуге қатысты өз пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Ауыл" халықтық-демократиялық партиясының төрағасы, сенатор Әли Бектаев мерзімнен тыс президент сайлауына түсуге қатысты өз пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазақстанның саяси ұйымы ретінде біз де бұл сайлауға қай тұрғыда қатысатынымызды ойлауымыз керек. Мұндай мәселені үш сағаттың ішінде шеше салуға болмайды. Сондықтан бүгін біз өзіміздің қоғамдық-саяси позициямызды көрсету үшін жиналдық. Ал сайлауға қатысу мәселесі бойынша саяси кеңес мүшелерімен, төралқасымен қосымша кездесіп, өз позициямызды анықтаймыз", - дейді Бектаев. 

Реклама
Реклама

"Бұл - партия үшін Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне араласудың, партия қызметін насихаттаудың тағы бір мүмкіндігі. Бұл жағдайды пайдалануымыз қажет", - деді ол. 

Журналистер Бектаевтан партия съездін ұйымдастыру мерзімі туралы сұраған. 

"Тиісті күнтізбелік мерзім бар. Егер өз кандидатымызды шығаратын болсақ, оны сәуірдің соңына дейін ұсынамыз", - деді Бектаев.

"Егер съезде шешім қабылданса, мен партия мүшелерінің басым бөлігімен келісуге міндеттімін. Қазір ондай нақты ниетім, шешімім жоқ", - деді ол. 

Айта кетейік, 2019 жылы 9 маусымда Қазақстанда мерзімнен тыс президент сайлауы өтеді. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная