04 сәуір 2023 | 13:00

Азық-түлік қаншаға қымбаттауы мүмкін?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин бензин мен дизель отынының қымбаттауы азық-түлік құнына айтарлықтай әсер етпейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин бензин мен дизель отынының қымбаттауы азық-түлік құнына айтарлықтай әсер етпейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жеңіл тауар болса аса қымбаттамайды, ірі өнімдердің бағасы тиісінше өсуі мүмкін. Жанар-жағармай бағасы өскен жағдайда, мысалы қантқа әсері – 5 пайыз, ал күнбағыс майы 2,4 пайыз өседі деген болжам бар. Шамамен 15-17 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Қазір тауар өндіруші ірі кәсіпорындар бензин, дизельмен жұмыс істемейді. Олар газға көшкен, ал газдың бағасы әзір өспейді", - деді Серік Жұманғарин.

Серік Жұманғариннің айтуынша, дизель бағасының өсуі азық-түліктің қымбаттауына айтарлықтай әсер етпейді.

Реклама
Реклама

"Биыл күзгі егіс жұмыстарына 413 мың тонна дизель отыны бөлінді. Ол арзандатылған бағамен литрі 204 теңге болады. Бұл баға өзгермейді. Сондықтан жанар-жағармай бағасының өсуі азық-түліктің қымбаттауына аса әсер етпейді. Қазір Қазақстанда баға тұрақты. Осыған байланысты бағаның бірден өсуіне негіз көрмей тұрмын. Оның үстіне, бізде азық-түлік қоры бар", - деді вице-премьер.

Сауда және интеграция министрі Қазақстанда азық-түлік бағасының күрт өсуі күтілмейді деп сендірді.

"Бүгінгі баға тұрақты. Мен олардың күрт көтерілуіне ешқандай себеп көріп тұрған жоқпын", - деп түйіндеді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная