04 ақпан 2021 | 11:11

Азық-түлікке жұмсалатын күнкөріс минимумы 19 мың теңге - сарапшылар

2021 жылы қаңтарда қазақстандықтардың ең төмен күнкөріс деңгейі 33,9 мың теңге болды. Оның ішінде 19 мың теңгедей азық-түлікке есептелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz аналитикалық порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2021 жылы қаңтарда қазақстандықтардың ең төмен күнкөріс деңгейі 33,9 мың теңге болды. Оның ішінде 19 мың теңгедей азық-түлікке есептелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz аналитикалық порталына сілтеме жасап.

Мәліметке сүйенсек, қаңтарда ең төменгі күнкөріс деңгейі - 33,9 мың теңге. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 12,7 пайызға көп. Ал тауарлар мен қызметтердің бағасы 7,4 пайызға өсті.

Реклама
Реклама

"Ең төмен күнкөріс деңгейінің құрылымында азық-түлікке 18,6 мың теңге, басқа тауарлар мен қызметтерге 15,2 мың теңге кеткен", - деп хабарлайды сарапшылар.

Өңірлер бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің жоғары көрсеткіші Маңғыстау облысына тиесілі: 38,9 мың теңге. Бұл орта есеппен республикалық деңгейден 14,7 пайызға артық.

Нұр-Сұлтанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 37,3 мың теңге (ел бойынша орта көрсеткіштен 10,1 пайызға артық), Алматыда - 36 мың теңге (ел бойынша орта көрсеткіштен 6,4 пайызға артық).

Жалпы бес өңірде ең төменгі күнкөріс деңгейі Қазақстан бойынша орта көрсеткіштен жоғары.

Ал ең төмен күнкөріс деңгейінің көрсеткіші Ақтөбе облысында төмен: 30,6 мың теңге - орта есеппен республикалық деңгейден 9,7 пайызға төмен.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің тағы бір аз көрсеткіші Батыс Қазақстан (30,8 мың теңге) және Жамбыл (31,3 мың теңге) облыстарына тиесілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная