ПОДЕЛИТЬСЯ
31 қазан 2023 | 10:38
БАӘ-де вилла, зауыттар және элиталық мейрамхана: Delta Bank ісінің мән-жайы айтылды
ҚМА "Delta Bank" АҚ ісіне қатысты тергеуді жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚМА "Delta Bank" АҚ ісіне қатысты тергеуді жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2012-2017 жылдар аралығында Н.Тілеубаев қайтарылмайтын несиелер беру арқылы Банктен қаражатты алып шығарған.
"Тергеу барысында Н.Тілеубаев пен оның туыстарына тиесілі мүлік анықталып, оған тыйым салу туралы санкция берілді. Оның ішінде Чехияның Прага қаласында орналасқан элиталық мейрамхана, төрт бөлмелі пәтер және 3 компаниядағы 100 пайыз акциялары, сондай-ақ БАӘ-дегі құны шамамен $5 млн болатын Palm Jumeirah орналасқан вилла бар", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Латвиямен ынтымақтастық аясында халықаралық тергеу кепілдігін жіберу арқылы Латвияда орналасқан "Вентспилс астық терминалының" 100 пайыз үлесін бұғаттауға санкцияланды.
Бұл ретте Н.Тілеубаевқа тиесілі 5 қант зауыты мен 58 нысан проблемалық несие қорына берілген.
"Сот үкімі бойынша, Н.Тілеубаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Қазіргі уақытта Н.Тлеубаевтың және оның компанияларының заңсыз қызметінің құрбандары ретінде "ҚазИнвестБанк" АҚ, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ және "БЖЗҚ" АҚ болып табылады", - делінген ҚМА хабарламасында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также