19 ақпан 2018 14:01

БАӘ-ге демалуға барған қыз жұмбақ жағдайда қайтыс болды

© pexels.com

Қазақстан тумасы Біріккен Араб Әмірліктерінде демалу кезінде жұмбақ жағдайда қайтыс болды, - деп хабарлайды қостанайлық "Наша газета" порталы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан тумасы Біріккен Араб Әмірліктерінде демалу кезінде жұмбақ жағдайда қайтыс болды, - деп хабарлайды қостанайлық "Наша газета" порталы.

Басылымның мәліметінше, Қостанай облысы Тобыл ауылының 24 жастағы тумасы Ирина Фирсунина мен оның сүйіктісі Денис Сидоров Ғашықтар күнін Дубайда өткізбекші болған. Алайда БАӘ-ге келе салысымен 14 ақпанда қыз есінен танып, достары мен жігітінің көзінше қайтыс болған.

Реклама
Реклама

Қыздың өлімінің себебі әлі күнге дейін анықталмады.


© "Наша газета" 

Қайтыс болған қыздың құрбысының айтуынша, Ирина Тобыл ауылындағы мектептердің бірінде білім алған, кейінірек Қостанайда колледжге түскен. Ал бірнеше жыл бұрын Челябіге көшіп кетіп, онда дүкенде сатушы болып жұмыс істеген. Содан Ресейде Денис Сидоровты кездестірген. Достарының айтуынша, Денис Сидоров 13 наурызда Иринаға ұсыныс жасамақшы болған.

Порталдың мәліметінше, олар демалуға достарымен бірге барған. Куәгерлердің айтуынша, 14 ақпанда таңғы уақытта Ирина бассейнге шомылайын деп жатқан кезде есінен танып қалған. Достары бірден дәрігер шақырған, алайда олар қыздың қайтыс болғанын айтқан.

"Дубай дәрігерлері Денис Сидоровқа өлімнің себебін анықтай алмағандарын хабарлаған. Енді денені елге жеткізуге қатысты қиындықтар туындап тұр. Иринаның Қазақстан азаматшасы бола тұра, Араб Әмірліктеріне барғанда ҚР дипломатиялық өкілдігі болмаған. Сондықтан қазір Денис Сидоровтан 6 000 доллар талап етіп отыр. Бұл сомаға дәрігерлердің қызметі де кіреді", - деп жазады портал.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram