27 қазан 2021 | 17:06

БАӘ-мен келісім Қазақстанның инвестициялық әлеуетін арттырады-Рау

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Альберт Рау

Мәжіліс депутаты Альберт Рау Қазақстан ірі келісімдер жасау арқылы инвестициялық әлеуетін арттыратынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаты Альберт Рау Қазақстан ірі келісімдер жасау арқылы инвестициялық әлеуетін арттыратынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сондай-ақ, ол келісімдер Қазақстанның қолайлы инвестициялық ахуалына кепіл бола алатынын айтты.

"Инвестициялар көлемі 6 миллиард доллардан асатын БАӘ-мен үкіметаралық келісім бірнеше мәселе мен бағытты қамтиды. Олардың әрқайсысы - Қазақстанның логистикалық жағдайын дамытумен, елдің энергетикалық, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етумен тікелей байланысты стратегиялық салалар. Сондықтан осы салаларға инвестициялар тарта отырып, Қазақстан алға үлкен қадам жасап отыр", - деді Альберт Рау.

Реклама
Реклама

Мәжіліс депутатының айтуынша, халықаралық технологияларды енгізгеннен алатын таза практикалық пайдасынан басқа, еліміз отандық заңнаманы жетілдіру саласында да жұмыс істейді.

"Инвестициялық әлеуетті арттыру, оның ішінде заңдарды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру инвесторлар санының артуына, елде жаңғыртылған өндірістердің пайда болуына, жаңа жұмыс орындарын құруға және жалпы экономиканы дамытуға әсер етеді", - деп атап өтті Альберт Рау.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная