БАӘ сұрауы бойынша ұсталған қазақстандықтар: Бас прокуратура пікір білдірді

Фото:depositphotos.com

Қазақстан Бас прокуратурасы Бакуде қазақстандық Жанболат Серіковтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Бас прокуратурасы Бакуде қазақстандық Жанболат Серіковтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қадағалау органының мәліметінше, қазіргі уақытта "БАӘ-нің құзыретті органдарымен байланыс орнатылған".

"Күдіктілер ұсталғаны белгілі. Біз БАӘ-нің құзыретті органдарымен байланыстамыз, оларға халықаралық келісімдер аясында тергеу жүргізу үшін қажетті барлық көмек көрсетіліп жатыр. Тергеуді басқа елдің органдары жүргізіп жатқандықтан, қандай да бір ақпаратты жария етуге құқығымыз жоқ", – деп мәлімдеді Бас прокуратура өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 20 қаңтарда Бас прокуратура Жанболат Серіковтың БАӘ сұранысы бойынша ұсталғанын хабарлаған болатын.

Telegram-арналарда ұсталған азаматтың "Finiko негізін қалаушы Эдвард Сабировқа жасалған шабуылды ұйымдастырушы" екені айтылып жатыр. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ немесе теріске шығарылған жоқ.

БАҚ мәліметінше, Жаңа жыл түнінде Дубайдағы виллаға қарақшылар баса-көктеп кіріп, 327 мың доллар қолма-қол ақшаны ұрлап, Эдвард Сабиров пен оның жұбайына жарақат салған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама