25 маусым 2024 | 11:52

Бағалы металл іздеген: қазақстандықтар қоршаған ортаға зиян келтірді деген күдікке ілінді

Фото:gov.kz

ШҚО-да бағалы металдарды заңсыз өндіру деректері анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да бағалы металдарды заңсыз өндіру деректері анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО прокуратурасына сілтеме жасап.

Ұлан ауданында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында бағалы металдарды іздеу үшін тиісті лицензиясыз жер қазумен айналысқан заңсыз кеншілердің екі тобы анықталған.

"Осы мақсат үшін кеншілер 4 металл іздегішті пайдаланған, олар кейіннен тәркіленген. Сонымен қатар, жайылымдық жерлерде арнайы техниканы пайдаланып жер қойнауын заңсыз өндіру салдарынан қоршаған ортаға зиян келтіру дерегі анықталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін полицияға жіберілгені айтылды. Бұл ретте полицейлер жайылымдық жерлерді пайдалану кезінде зардап шеккендерді анықтау шараларын жүргізіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram