“Бағанашыл“ балалар үйіне қатысты дау: әкімдік қызметтік тексеріс жүргізеді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz

Алматы облысының әкімдігі Алматыдағы "Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілерін Қонаевқа көшіруге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысының әкімдігі Алматыдағы "Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілерін Қонаевқа көшіруге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдікте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес тәрбиеленушілерді көшіру процесін тоқтату туралы шешім қабылданғанын еске салды. Балалар бұрынғы мекенжайы бойынша оқуды және тұруды жалғастырады.

21 шілдеде жедел кеңес өтіп, онда басқарушылық шешімдер қабылдаудағы кемшіліктерге жол берген уәкілетті тұлғаларға қатысты қызметтік тексеріс жүргізу және жауапкершілік шараларын белгілеу жөнінде тапсырмалар берілгені хабарланды.

Реклама
Реклама

"Қосымша хабарлаймыз, Қонаев қаласындағы жаңа мамандандырылған мекемеге Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының (КТБО) тәрбиеленушілері көшірілді. Еске салсақ, 2022 жылы облыстың бөлінуіне байланысты КТБО уақытша Алматыдағы №1 балалар үйінің ғимаратына орналастырылған болатын. Жаңа ғимаратқа көшу балалардың өз келісімі бойынша, мамандардың сүйемелдеуімен ерікті түрде жүргізілді. Қоныс аударғандар арасында "Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілері жоқ", – деді Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қонаевтағы жаңа орталық жеке инвестициялар есебінен салынған және барлық заманауи стандартқа сәйкес келеді. Әкімдік мәліметінше, ғимарат жас ерекшеліктеріне және функционалдығына қарай бөлінген, абаттандырылған тұрғын ауданда, өнеркәсіптік нысандар мен батпақты аймақтардан алыс орналасқан.

"'Бағанашыл" балалар үйінің ғимараты Алматы әкімдігінің балансына беріледі. Оның болашақтағы пайдаланылуы заңнама мен қала құрылысы нормаларын ескере отырып шешіледі", – деп қосты әкімдік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама