“Бағанашылдағы“ балалар жаңа үндеу жасады: “Бізді бөлмейміз деп уәде берген едіңіздер“

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Алматыдағы "Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілері жаңа үндеу жасады. Олар биліктен уәдесін орындауды өтінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыдағы "Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілері жаңа үндеу жасады. Олар биліктен уәдесін орындауды өтінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сіздерден отбасымызды бірге қалдыруды сұраймыз. Себебі жөндеу жұмыстары кезінде бізді бөлмейміз деп уәде берген едіңіздер. Ал қазір бізге мүлдем басқа ақпарат жетіп жатыр", - дейді балалар.

Олар балама нұсқа ұсынады: жөндеуді бос тұрған екінші корпустан бастап, кейін барлық тәрбиеленушіні уақытша сол жерге көшіріп, содан кейін негізгі ғимаратты қайта жаңғыртуға кірісу.

Реклама
Реклама

"Егер барынша тиімді шешім қабылдағыларыңыз келген болса, бұл - сіздерге ең жақсы нұсқа", - деді балалар.

Тәрбиеленушілердің айтуынша, бұған дейін оларға жөндеу жұмыстары келесі жылдың көктемінде басталады деп айтылған. Сонымен қатар, балаларға облысқа көшіру немесе отбасылық үлгідегі үйлер салу туралы айтылған.

Алматы әкімдігі не дейді?

Алматы әкімдігінде "Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілері өз орталықтарының аумағында тұруды жалғастыратынын және Алматыда оқи беретінін хабарлады. Қазіргі уақытта Алматы мен Алматы облысының әкімдіктері нысанды беру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

"Тәрбиеленушілерге заманауи және қауіпсіз жағдай жасау мақсатында балалар үйінің ғимаратына кешенді қайта жаңғырту жүргізу жоспарланған. Бұл жұмыстар келесі жылы басталады, өйткені алдымен техникалық тексеріс, жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау, мемлекеттік сараптама және конкурстық рәсімдер қажет", - деді әкімдіктегілер.

Сонымен қатар, әкімдік ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізілген кезеңде балаларды уақытша орналастыру мәселесі қауіпсіздік пен қажетті тұрмыстық жағдайларды ескере отырып шешілетінін айтты.

"Балаларды ажыратпайды. Тәрбиеленушілер сол бұрынғыдай Алматыдағы мектептерде оқуын жалғастырады. Балалар үйінің ғимаратынан Қонаевқа көшіру мәселесі қарастырылып жатқан жоқ", - деді Алматы әкімдігі өкілдері.

Әкімдік балалардың қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету Алматы әкімдігінің және Оқу-ағарту министрлігінің басымдығы екенін қоса айтты. Балалардың оқу мен тұру жағдайы үнемі бақылауда болады.

Айта кетейік, 21 шілдеде Алматыдағы "Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілерін ерікті түрде көшіру соңы жанжалға ұласқаны белгілі болды.

Дүйсенбіде таңертең балалар үйінің қақпасына кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының балаларын автобусқа отырғызу үшін көліктер келген. Алайда балалар үйінің кей тәрбиеленушілері автобустардың жолын бөгеп, алдына тұрып алды.

Оқиғаға полиция араласып, видеоға қарағанда, балалармен дөрекі қарым-қатынас жасаған. Кадрларда балалар үйінің тәрбиеленушілері оларды ұстамауды өтініп, жанжал шығарғаны көрінеді.

Кейін "Бағанашыл" балалар үйі төңірегіндегі жағдайға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев араласты. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балалар үйі көшірілмейтін болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама