02 қараша 2023 | 10:32

Бағаны екі есе көтерген: Антикор негізсіз қымбат компьютерлерді сатып алу әрекетін тоқтатты

Фото: pressfoto/ Freepik

Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану әрекетін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Казправда" мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану әрекетін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Казправда" мәліметіне сілтеме жасап.

Антикор мәліметінше, облыстық цифрлық технологиялар басқармасы жалпы сомасы 20 миллион теңге болатын компьютерлік техника сатып алуға конкурс жариялаған. Шенеуніктер 32 компьютер, үш ноутбук және төрт моноблок сатып алуды жоспарлаған.

Реклама
Реклама

Тексерушілер анықтаған мәлімет бойынша, сатып алу жоспарланған тауарлардың орташа құны нарықтағы бағасынан айтарлықтай (60-тан 100 пайызға дейін) асып кеткен. Антикордың араласуынан кейін мәміле жойылып, сатып алулар қайта өткізіледі.

Мемлекеттік органның өтінімі "Бірыңғай мемлекеттік сатып алулар порталы" жүйесі арқылы жарияланған. Ол қазір Антикордың жіті бақылауында. Жыл басынан бері аталған сайтқа жүргізілген мониторинг барысында бір миллиард теңгеден аса сомаға мемлекеттік органдардың негізсіз сатып алуларына тосқауыл қойылғаны айтылды.

Мәселен, облыстық ТЖД мамандандырылған бейнеконференцбайланысқа 50 миллион теңге жұмсауды жоспарлаған болса, мұндай жүйенің нарықтағы орташа бағасы небәрі 4 миллион теңге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная