Бағдаршамдар мен жол белгілері жоқ өңірлер аталды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстанда құқық қорғау органдары оқу орындары мен балалар көп жиналатын демалыс орындары маңында қауіпсіздік шараларын күшейтті. Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Сәденов Үкімет отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, полицейлердің патрульдеу бағыттары мектептер мен балалар алаңдарына жақындатылған, жаяу жүргіншілер өткелдері мен жол айырықтарында бақылау күшейтілген. Сонымен қатар оқушыларды тасымалдау ережелерінің сақталуы тексеріледі.

"Рейдтер барысында бірқатар инфрақұрылымдық кемшіліктер анықталды: Ұлытау, Жетісу, Абай, сондай-ақ Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында бағдаршамдар, жол белгілері мен жолақтар жоқ", – деді Сәденов.

Реклама
Реклама

Аталған заңбұзушылықтарды 2025 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жою тапсырмасы әкімдіктерге жүктелді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама