ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қазан 2019 | 10:33
Бағдат Мәнізоровқа тағылған айып алып тасталды
Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровқа тағылған алаяқтық жасады деген айып алып тасталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі адвокаты Алмас Демесіновке сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровқа тағылған алаяқтық жасады деген айып алып тасталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі адвокаты Алмас Демесіновке сілтеме жасап.
Желіде 28 қазанда Бас прокуратураның Бағдат Мәнізоровқа қатысты қылмыстық істі тоқтатқаны туралы құжаттың скан-көшірмесі пайда болды.
"Істің тоқталғаны туралы арыз үкіметтің электрон кабинетіне бағытталған. Себебі қылмыстық заңбұзушылық жағдайлар мен құрамы анықталмаған. Ресми жауап келді. Негізінде бұл түпнұсқа құжат", - деді Алмас Демесінов.
Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың ұсталғаны қыркүйектің соңында белгілі болды. Шенеунікке қызметтік өкілеттілігін пайдалана отырып, аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылды. Ол жазда осы қызметке тағайындалған еді.
Показать комментарии
Читайте также