Байбек "Атакент" территориясын қала меншігіне қайтарды

© Павел Атоянц

Алматы ?кіміні? жарлы?ымен ?аза?стан Республикасыны? Жер кодексіне с?йкес ж?не Жер комиссиясыны? шешіміні? негізінде "?аза?станны? "Атакент" іскери серіктестік орталы?ы" А?-мен 23 гектар аума?та?ы жер телімін жал?а беру келісімі б?зылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әкімінің жарлығымен Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес және Жер комиссиясының шешімінің негізінде "Қазақстанның "Атакент" іскери серіктестік орталығы" АҚ-мен 23 гектар аумақтағы жер телімін жалға беру келісімі бұзылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Атакент" ҚІСО жалпы аумағы 54,1 гектар. 31 гектар жер жекеменшікте, оның 17 гектарында сауда орындары, қоанқүйлер мен спорт кешендері орналасқан. 

"Қазіргі кезде Алматы әкімдігі құқық беретін құжаттарды тексеріп жатыр. Игерілмеген 14 гектар жерге пайдалану бойынша шектеу қойылды. Сонымен қатар, мақсатты түрде салынған көрме павильондары мен өзге де құрылыстарды сүру жоспарланбаған", - дейді әкімдік өкілдері. 

Реклама
Реклама

12 сәуірде Бауыржан Байбек "Атакент" ҚІСО аумағын қаланың коммуналдық меншігіне қайтаруды тапсырған болатын. 

"Басқарушы компанияның аумақты дамыту бойынша өзіне жүктелген міндеттерін орындамауына байланысты қала басшысы келісімді бұзып, жерді қаланың коммуналдық меншігіне қайтару туралы заңдцы шешімді дайындауды тапсырған", - деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Бауыржан Байбек көрме аумағында болып қайтақананнк ейін 15 күнен соң асфальт алып тасталды, Pine Hill кафесі сүрілді, 400 ағаш отырғызылды. 200-дей жұмысшы әкімнің ескерту айтқан олқылықтарды түзеумен айналысып жатыр. 

 

 

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама