Байбек "Атакенттің" жерін қаланың коммуналдық меншігіне қайтаруды тапсырды

Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Алматы ?кімі Бауыржан Байбек ж?мыс сапары барысында ?аза?станды? іскерлік серіктестік орталы?ы "Атакент" пен оны? айналасын аралап к?рді. Мегаполис басшысы бас?арушы компанияны? айма?ты дамыту ж?ніндегі міндетті орындама?аны ?шін тиісті бас?армалар?а жал?а беру келісімін б?зу ж?не жерді ?аланы? коммуналды? меншігіне ?айтару туралы м?селе к?теруді тапсырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы ?кімдігіні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында қазақстандық іскерлік серіктестік орталығы "Атакент" пен оның айналасын аралап көрді. Мегаполис басшысы басқарушы компанияның аймақты дамыту жөніндегі міндетті орындамағаны үшін тиісті басқармаларға жалға беру келісімін бұзу және жерді қаланың коммуналдық меншігіне қайтару туралы мәселе көтеруді тапсырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Кезінде "Атакент" айналасы жасыл желекке оранып, мұнда адамдар отбасымен серуендеуге келетін, бұрын каскадты субұрқақ бар еді, ал қазір оның бәрін асфальттап, көлік тұрағы мен базарға айналдырған. Басқарушы компания осы аумақтты дамыту жөнінде қалалықтарға үлкен уәде беріп еді, алайда, көріп отырғанымыздай соңғы жылдары ештеңе атқарылмаған", - деді Бауыржан Байбек.

Алматы әкімі кешен айналасындағы асфальтты жерді азайтуды, жасылдандыруды, газондарға орналасқан түрлі конструкциялар мен құрылыстарды алып тастауды, ағаш отырғызуды, орындықтар мен урналар және басқаларын қоюды тапсырды. Бұлардан өзге, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін орталық кіреберістегі көлік тұрағы алынады және ҚІСО "Атакент" аумағына көліктің кіруіне тыйым салынады. 

Реклама
Реклама

Жұмыс сапары аясында Бауыржан Байбек Тимирязев және Әуезов көшелерін абаттандыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама