Байбек нағыз алматылықтың қандай болатынын айтты

© Instagram.com/club_dobryakov_almaty

Алматы ?кімі Бауыржан Байбек ?ыс уа?ытында ?ар тазала?ан ж?мысшылар?а тама? жеткізіп берген еріктілерді на?ыз алматылы?тар ретінде мысал?а келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Б?л туралы ?кім Алматыда халы??а есеп беру кездесуі барысында айтты.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қыс уақытында қар тазалаған жұмысшыларға тамақ жеткізіп берген еріктілерді нағыз алматылықтар ретінде мысалға келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әкім Алматыда халыққа есеп беру кездесуі барысында айтты.

"Былтыр қалың қар жауған кезде техника мен барлық халық тәулік бойы қар тазалаған кезде кейбір белсенділер коммуналдық қызмет жұмысшыларына ыстық тамақ, шай жеткізіп жүрді. Олар нағыз алматылықтар", - деді Бауыржан Байбек.

Сондай-ақ, Байбек биыл қар тазалау бойынша жүйелі шаралардың қабылданғанын айтып өтті.

Реклама
Реклама

"Қысқы уақытта жұмысшылардың саны 1500 адамға көбейді. Арнайы техника сатып алынды, жаяу жүргіншілерге арналған жолдарға да. Әрбір ауданда өндірістік базалар құрылды. Бұл жұмысшыларға қысқы уақытта жақсы жағдай жасады", - деді қала әкімі.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама