ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 14 маусым 2018 15:46
Байқоңырда Юрий Гагариннің отырғызған ағашы қурап қалды
Байқоңыр ғарыш айлағында әлемдегі алғашқы ғарышкер Юрий Гагарин екен ағаш қурап барады, - деп хабарлайды РИА Новости, ұшқыш-ғарышкер, Кеңес одағының батыры, Ресейдің Демлекеттік думасының депутаты Валентина Терешковаға сілтеме жасап.
"Юрий Гагариннен бастап саяжол отырғыза бастаған едік. Сондай бір ағаш түрі бар - қарағаш, ыстық пен суықта да, ылғалдың аздығында да өсе береді. Қазір ол үлкен саяжолға айналды, біз Юрийдің ағашы қалай тұрғанын үнемі бақылап жүреміз", - деп атап өтті Терешкова.
Оның сөзінше, ағашты үш рет көшіріп отырғызған, бірақ, ол бәрібір қурап қалып жатыр. Осыған байланысты Терешкова ағаштың неге қурап жатқандығын анықтауды сұрады.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу