23 желтоқсан 2021 | 15:20

БАҚ пен әлеуметтік желілерде жануарларға қатыгездік көрсеткен видеоларды жариялауға тыйым салынады

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет: elements.envato.com

БАҚ пен әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде жануарларға зорлық-зомбылық көрсеткен видеоларды жариялауға тыйым салынады. Бұл Сенатта қабылданған "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заңда жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

БАҚ пен әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде жануарларға зорлық-зомбылық көрсеткен видеоларды жариялауға тыйым салынады. Бұл Сенатта қабылданған "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заңда жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заң жобасында "жануарларға қатыгездік көрсетуге және баспа, аудио және өзге де хабарламалар мен материалдарды пайда табу, көрсету, тарату және өзге де жолдармен насихаттауға, зорлық-зомбылыққа шақыруға" тыйым салу қарастырылған. Журналистер желіде жарияланған жануарларға зорлық-зомбылық дерегі көрсетілген кез келген фото, видео материалдар осы қатарға жатуы мүмкін екенін айтты. Журналистер пікірінше, бұл мәселе қоғамда кең таралуына тосқауыл болып, жануарлардың жағдайын одан әрі ушықтыруы мүмкін.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев ақпаратты жариялауға тыйым салынбайтынын, фото және бейнематериалдарға тыйым салынғанын мәлімдеді.

Реклама
Реклама

"Егер БАҚ-та қатыгездік, өлтіру немесе қандай да бір жарақат салу әрекетін көрсететін кадрлар қойылса, жауапкершілік көзделген", - деді ол.

Сенатор Мұхтар Жұмағазиев БАҚ осындай кадрларды жариялағаны үшін жазаланатыны туралы ақпаратты растады.

"Осындай деректерді жариялау нәтижесінде осы заңды қабылдадық. Зорлық-зомбылық жасалғанын көрсеткеніміздің арқасында халық біліп, жануарларды қорғауға атсалысты. Енді осындай видеоларды жариялауға тыйым саласыз ба, бұл деректерді жасыруға мәжбүр боламыз ба?" - деп сұрады журналистер сенатордан.

"Ешкім үндемесін демейді. Заң жобасы жан-жақты қаралды, оны сарапшылар да талқылады. Бірақ қоғамда жағымсыз құбылыстар туындауы мүмкін. Балалар көреді, кәмелетке толмағандар көреді. Сондықтан бұл дұрыс деп санаймын", - деп жауап берді Жұмағазиев.

Журналистер әлеуметтік желілерде немесе WhatsApp хабарламаларында видео таратқан азаматтар жазалана ма деп сұрады. Сенатор жаза қарастырылатынын растады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная