БАҚ-та министрдің ұсталғаны туралы фейк тарады: ҰҚК пікірі

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті премьер-министрдің орынбасары - сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, кәсіпкер Гаджи Гаджиев және ҰҚК-нің бірқатар қызметкері ұсталғаны туралы жалған ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Orda Telegram арнасында ҰҚК-нің бірқатар жоғары лауазымды қызметкерлері қамауға алынғаны туралы ақпарат жарияланды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл мәліметтер шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Қасақана жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеміз", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бүгін СІМ басшысы ұсталғаны туралы ақпарат тарап кетті. Алайда бұл жалған ақпарат болып шықты.

Реклама
Реклама

Кейінірек Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы осы жайтқа қатысты пікір білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама