Бақауовтың экс-орынбасары қызметінен босатылды

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Арыстан Қабыкенов қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Арыстан Қабыкенов қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы облыстық әкімдік баспасөз қызметі хабарлады. "Болашақ" бағдарламасымен оқып келген орынбасар басқа қызметке ауысуына байланысты босатылған. 

Арыстан Қабыкенов 1980 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген. 2002-2006 жылдары Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, 2004 жылы - КИМЭП, 2012 жылы - Ноттингем университетін (Ұлыбритания) тәмамдаған.

Реклама
Реклама

Еңбек жолын 2001 жылы бастаған. 2001–2004 жылдары "ТАТ-2001" ЖШС қаржы директоры қызметін атқарған. 2004-2006 жылдары Қаржы министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. 2006-2008 жылдары ҚР премьер-министрі Кеңсесінің Макроэкономикалық талдау және бағдарламалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарған. 2008-2011 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде жұмыс істеген.

2011-2015 жылдары ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында, Өңірлік даму министрлігінде, сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігінде қызмет еткен. 2015-2016 жылдары ҚР премьер-Министрі Кеңсесінің басшы орынбасары болған.

Ал былтыр мамырда Арыстан Қабыкенов Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама