31 мамыр 2024 | 18:08

Бақылауды күшейтіп, айыппұл салу керек - Тоқаев автомагистральдар бойынша тапсырма берді

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шамадан тыс жүк тиеген көп тонналық жүк көліктерін бақылауды күшейтіп, айыппұл салуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шамадан тыс жүк тиеген көп тонналық жүк көліктерін бақылауды күшейтіп, айыппұл салуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Автомагистральдарды пайдалану ісіне бақылауды күшейту қажет. Жол жабындысын бұзатын бірнеше тонналық жүк көліктеріне айыппұл салу керек. Қаржы құйып қана қоймай, ғылымның да жетістіктері қолданылатын жоба болғандықтан жоғары сапалы көлік магистралі кез келген дамыған елдің жарқын келбеті саналады.

Сондықтан жол саласындағы қазақстандық компаниялар ғылыми тәсілді қолдануға және инновацияларды енгізуге жаңа мүмкіндіктерді толық пайдалануы қажет. Жалпы, білімге негізделген экономика құру үшін ғылыми мекемелер мен бизнестің өзара тығыз байланысын қамтамасыз ету маңызды.

Бұл жұмыс барысында ғылыми идеяларды коммерциялық табысты өнімге айналдыратын инновациялық кластерлер, технопарктер мен бизнес-инкубаторлар ашылады. Мұндай құрылымдар тиісті жобаларға идеядан бастап оны нарықта жүзеге асыруға дейінгі барлық кезеңде қолдау көрсетуі керек", - деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Реклама
Реклама

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная