ПОДЕЛИТЬСЯ
20 ақпан 2019 | 12:02
Бақыт Сұлтанов Астана тұрғындарына көмектесетінін айтты
Астана әкімі Бақыт Сұлтанов тұрғындардан әкімдіктің жұмысы туралы ойын ашық түрде айтуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астана әкімі Бақыт Сұлтанов тұрғындардан әкімдіктің жұмысы туралы ойын ашық түрде айтуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Астана - ерекше қала. Сондықтан біз бар күшімізді қаланы жақсартуға жұмсауымыз керек. Экс-қаржы министрі болғандықтықтан мен кездесуімді құрғақ сандардан бастауыма болар еді. Бірақ қала мен экономика - адамдардан құралады. Сондықтан біз екі құжат дайындап жатырмыз: Астананың 2050 жылға дейінгі дамуы және қала дамуының бас жоспары. Бірінші құжат қай бағытта жүретінімізді анықтайды, екіншісі осыған жету үшін егжей-тегжейлі жоспар", - деді Бақыт Сұлтанов халыққа есеп беру кездесуінде.
Қала басшысы 2019 жылы аудан әкімдері мен олардың орынбасарлары 33 рет халықпен кездесу өткізгенін мәлімдеді.
"Әрине, жеке кездесулер ең ұтымды әдіс емес, сондықтан iKomek қызметін жасадық. Кез келген тұрғын 109 нөмірін теріп, қоңырау шалып, өз мәселесін айта алады. Былтыр таңғаларлық көрсеткіш болды. 1 миллион өтініщ жасалды. Оған қоса, барлығына 100 пайыз жауап қайтарылды. iKomek-ті қолданғандар мен оның жұмысын қамтамасыз етушілер жарады. Әкімдікте және басқармаларда ашық есік күндері және iKomek-ке жасалған өтініштер мен әлеуметтік желідегі ұсыныстардың барлығы маған әкім ретінде және менің командама көмек беріп жатыр. Менің айтарым, дәл осылай өз ойларыңызды ашық түрде айтыңыздар. Бірақ, айтылған сындар орынды болса. Эмоцияны ұстау қиын екенін білемін, оған шара жоқ. Біз баяу болса да өз дегенімізге жететінімізге сенемін", - деді Астана әкімі.
Показать комментарии
Читайте также