Бақыт Сұлтанов "Даму" қорының директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Бақыт Сұлтанов "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) хабарламасында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бақыт Сұлтанов "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) хабарламасында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (...) KASE директорлар кеңесінің 2022 жылғы 4 ақпандағы шешімі бойынша, Бақыт Сұлтанов қордың директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды", - делінген хабарламада.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының директорлар кеңесі сегіз адамнан тұрады: Бақыт Сұлтанов, Елена Бахмутова, Райымбек Баталов, Әсем Нұрғалиева, Рустам Жүрсінов, Тимур Жақсылықов, Әділ Мұхамеджанов, Гаухар Бөрібаева.

Реклама
Реклама

Бақыт Сұлтанов 2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап премьер-министр лауазымына тағайындалған Әлихан Смайыловтың орнына келді.

Бақыт Сұлтанов қаңтардан бастап премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама