ПОДЕЛИТЬСЯ
17 мамыр 2019 | 12:25
Бақыт Сұлтанов: Нұр-Сұлтан Еуразиялық жаһандық хабқа айналады
Астана экономикалық форумы (АЭФ) алаңында Қазақстан астанасының әкімі Бақыт Сұлтанов соңғы жиырма жылдағы өзгерістері туралы баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астана экономикалық форумы (АЭФ) алаңында Қазақстан астанасының әкімі Бақыт Сұлтанов соңғы жиырма жылдағы өзгерістері туралы баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
"Жаһандық жібек жолы - қала мэрлерінің форумы" панельдік сессиясының жұмысын аша отырып, Сұлтанов форум оған қатысушылардың жаңа білім алуына, тәжірибе алмасып, түрлі идеялар және үздік тәжірибелермен бөлісуге септігін тигізеді деген сенімін білдірді.
"Бізге АЭФ алаңында жеке алғанда, сондай-ақ бүкіл әлемдік кеңістікте неғұрлым өзекті экономикалық және әлеуметтік маңызды мәселелерді талқылау сияқты бірегей мүмкіндік беріліп отыр. Бүгін жаһандық қалалар арасында инвестиция, туристер, кәсіпкерлер үшін қызу бәсекелестік жүріп жатыр. Бұл күресте ең қолайлы шарттарды ұсынған адам жеңеді. Бәсекеге қабілеттілікті сақтау үшін біз өз өңірлерімізде өмір сүрудің жоғары сапасын қамтамасыз етуге тиіспіз. Өйткені адамдар бизнесті қауіпсіз және жайлы жерде жүргізгенді қалайды", - деді ол.
Сұлтанов қала басшылығы аймақтық ықпалдастық үшін жемісті іскерлік ынтымақтастыққа әрдайым дайын екендігін атап өтті.
"Биыл біз Нұр-Сұлтанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірлеп жатырмыз, ол елордамыздың қарқынды өсуіне, қалалық жерлерді біркелкі дамытуға және бүкіл әлемнің таланттарын тартуға байланысты ұзақ мерзімді міндеттерді есепке алады. Стратегияның мақсаты - бүкіл әлемде бәсекеге қабілетті және тұрақты экономикаға деген тартымдылығы бар жаһандық қаланы құру. Ақыр соңында ол Еуразиялық жаһандық хабқа, ең алдымен, саяси бірлікке айналады", - деді қала әкімі.
Показать комментарии
Читайте также