29 мамыр 2019 11:27

Бақыт Сұлтанов отбасылық кәсіпкерлікті дамытуды тапсырды

© Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан әкімі Бақыт Сұлтанов отбасылық кәсіпкерлікті белсенді дамытуды тапсырды, - деп хабарлайды "Елорда Инфо".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан әкімі Бақыт Сұлтанов отбасылық кәсіпкерлікті белсенді дамытуды тапсырды, - деп хабарлайды "Елорда Инфо".

Қалалық әкімдік отырысында Мемлекет басшысының Шетелдік инвесторлар кеңесі отырысының қорытындысы бойынша тапсырмаларын орындау мақсатында инвестиция тарту жұмысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Реклама
Реклама

Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы инвестицияларды тарту бойынша бірқатар мәселені анықтап, оларды шешу жолдарын көрсетті.

Бақыт Сұлтанов қолайлы бизнес-ортаны қамтамасыз ету және салықтық және кедендік салада дауларды сотқа дейінгі реттеу механизмін қолдану қажеттілігін атап өтті. Ол сот практикасына қоғамдық мониторинг жүргізу механизмін әзірлеуді және мониторинг тобын құруды тапсырды.

Бұдан басқа, отандық инвесторлар Халықаралық қаржы орталығы юрисдикциясында дауларды шешу құқығына ие болды, осыған байланысты АХҚО-мен ынтымақтастықты жандандыру қажеттігі айтылды. Сондай-ақ, әкім қалалық экономикадағы ШОБ (Шағын орта бизнес) үлесін одан әрі ұлғайту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram