ПОДЕЛИТЬСЯ
15 шілде 2022 | 16:37
Бақыт Сұлтанов Тоқаевтың сөгісінен кейін министрліктің жоспары туралы айтты
Премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов 14 шілдеде Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөгісінен кейінгі ведомство жұмысы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов 14 шілдеде Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөгісінен кейінгі ведомство жұмысы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Нарық субъектілерінің нақты бағалары туралы халықты және бизнесті барынша ақпараттандыру, сондай-ақ бөлшек сауда желілерінің, өндірушілер мен жеткізушілердің тиімділігін қамтамасыз ету қаралады. Екінші жағынан, әлеуметтік маңызы бар өнімдердің жалпы айналымындағы "айналым схемасын" қаржыландырудың қазіргі көлемі небәрі - 4 пайыз. Сондықтан, ол нарыққа жеткілікті түрде әсер ете алмайды", - деді Сұлтанов.
Вице-премьер қаражат қозғалысының ашықтығы мен тиімділігі артқан сайын қаржыландыру көлемі де кезең-кезеңімен ұлғая түсетінін қосты.
Сонымен қатар, Сұлтанов негізгі тауарлар балансын қалыптастырудың бірыңғай ақпараттық жүйесін дамыту туралы айтты.
"Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып, азық-түлік қауіпсіздігі бағдарламасы әзірленеді. Бағдарлама субсидиялау тәсілдерін қарастырады және ішкі нарықты толтыру бойынша тауар өндірушілердің өзара міндеттемелерін қамтамасыз ету бөлігінде саланы қолдаудың басқа да шараларын қарастырады", - деп түсіндірді ол.
Мамырда Бас прокуратура 122 базарды тексеруді аяқтады, деп еске салды премьер-министрдің орынбасары.
"Олардың қорытындысы бойынша бірқатар жүйелі проблема анықталды. Бас прокуратурамен, мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп заңнамалық нормалар әзірленді", - деді Сұлтанов.
Ол нормалар келесі бағыттар бойынша нарықтарды одан әрі жаңғырту шараларын қарастыратынын айтты:
- сауданы ұйымдастыруға жеке жауапкершілікті базар иесіне жүктеу;
- нарықтар үшін біліктілік және инфрақұрылымдық талаптарды белгілеу;
- отандық тауар өндірушілердің сауда орындарына бәсекеге қабілетті және еркін қолжеткізуін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйені құру.
Еске салайық, 14 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев экология министрі Серікқали Брекешевке және премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановқа, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялаған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также