02 желтоқсан 2022 | 10:33

Бақытгүл Хаменова сот үкіміне аппеляциялық шағым түсірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Бақытгүл Хаменова сот үкіміне аппеляциялық шағым түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бақытгүл Хаменова сот үкіміне аппеляциялық шағым түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау облысы сотының баспасөз қызметі Бақытгүл Хаменова мен оның қорғаушысы апелляциялық шағым беру арқылы бірінші сатыдағы соттың шешіміне наразылық білдірген ақпаратты растады.

"Бірінші сатыдағы сотқа Хаменовадан, оның адвокаты Вранчевтан апелляциялық шағым түсті. Бірақ іс әлі алқа қарауына берілген жоқ", - деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Бақытгүл Хаменоваға алдын ала келісім бойынша пара алды деген айып тағылған болатын.

Сот оны кінәлі деп тауып, жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Облыстық соттың баспасөз қызметі мәліметінше, Бақытгүл Хаменованың кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты жазаны өтеу үш жылға шегерілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная