14 қараша 2022 | 12:59

Бақытгүл Хаменова сотта соңғы сөзін айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Атырау қалалық №2 сотында Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот үкімі шығар алдында сотталушылардың соңғы сөзі тыңдалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырау қалалық №2 сотында Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот үкімі шығар алдында сотталушылардың соңғы сөзі тыңдалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

Бірінші болып пара берді деген күдікке ілінген "Балқыту" ЖШС басшысы Өміртай Адамов сөз алды. Ол соттан жазасын айыппұлмен немесе жазасын колония-қоныста өтеумен жеңілдетуді сұрады. Сотталушы мүгедек ұлдары мен саңырау-мылқау келіндері бар екенін айтып, соттан оның зейнеткерлік жасын да ескеруін сұрады.

Хаменова да соңғы сөзін айтты.

Реклама
Реклама

"Сотталушы Рысқалиев пен Адамовтың кінәсі дәлелденді. Олар да қылмыстың жай-жапсарын жасырмай айтып, кінәларын мойындады. Сондықтан менің бұл іске қатысым болмағаны анық. Мемлекеттік айыптаушы, оны көрмеген немесе өзінің қылмыстық кемшіліктерін мойындағысы келмеген. Менің айғақтарым бойынша сот Рысқалиев пен Адамовқа жеке қаулы шығаруы керек және нәтижесінде осы қылмыстық істі ойдан шығарғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалуы тиіс. Мені ақтауды сұраймын. Мен қылмыскер емеспін және кінәсіздігімді дәлелдеу үшін соңына дейін барамын", - деді Хаменова.

Еске салайық, Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. Атырау облысының арнайы тергеу соты облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы үйқамаққа алу туралы шешім шығарды.

Онымен бірге облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев те ұсталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная