Бақытгүл Хаменова тойда жүр: ҚАЖК пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) сыбайлас жемқорлық үшін сотталған Бақытгүл Хаменова Атырауда тойға барған видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) сыбайлас жемқорлық үшін сотталған Бақытгүл Хаменова Атырауда тойға барған видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Бақытгүл Хаменова пробация қызметінің бақылауында.

"Бақытгүл Хаменова Атырау қаласының №2 сотының заңды күшіне енген үкімімен жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Баласы барын ескеріп, сот Қылмыстық кодекстің 74-бабы 1-бөлігін қолданды, жазаны өтеуді үш жылға кейінге қалдырды", - деді ҚАЖК өкілі.

Реклама
Реклама

Десек те, комитет ақпаратына сүйенсек, "сот мәдени-бұқаралық немесе өзге де қоғамдық іс-шараларға қатысуға қатысты шектеулер белгілемеген".

Еске салайық, 2022 жылы 15 қарашада Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот үкімі шықты. Сот оны кінәлі деп тауып, жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама