ПОДЕЛИТЬСЯ
08 шілде 2019 | 17:07
Бақытжан Сағынтаев Денис Теннің ескерткішіне гүл шоғын қойды
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің ескерткішіне гүл шоғын қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әкім Instagram желісіндегі парақшасында мәлім етті.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің ескерткішіне гүл шоғын қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әкім Instagram желісіндегі парақшасында мәлім етті.
"Денис Тен. Мәңгі есімізде", - деп жазды Бақытжан Сағынтаев.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
08.07.2019 • Денис Тен. Мәңгі есімізде. • Денис Тен. Вечная память.
Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b) 8 Июл 2019 в 2:21 PDT
Айта кетейік, Алматыда қайтыс болған мәнерлеп сырғанаушы, Сочиде өткен Олимпиада-2014 ойындарының қола жүлдегері Денис Тенге ескеркіш 22 маусымда қойылған еді. Ескерткіш спортшы қайтыс болған Бәйсейітов және Құрманғазы көшелерінің қиылысында орнатылған.
Денис Тен Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында 2018 жылы 19 шілдеде автоұрылармен қақтығыс салдарынан қайтыс болған. Олар спортшының сан артериясына пышақ ұрған. Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаевалар сот алдында жауап берген еді. 2019 жылы 17 қаңтарда оларға үкім шықты - Тенді өлтірген жігіттер 18 жылға, ал қыз төрт жыл бас бостандығынан айырылған болатын.
Показать комментарии
Читайте также