ПОДЕЛИТЬСЯ
02 желтоқсан 2021 | 15:19
Бақытжан Сағынтаев денсаулығына байланысты демалысқа шықты
Бақытжан Сағынтаевқа ангина (тамақ ауруы) диагнозы қойылды. Сондай-ақ, оның дене қызуы көтерілгені айтылды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Сағынтаев денсаулығына байланысты 2 желтоқсанда өтіп жатқан Almaty Investment Forum 2021-ге қатыса алмаған. Ол форумда сөз сөйлеуі керек болған.
"Әріптестер, Бақытжан Әбдірұлы денсаулығына байланысты демалысқа шыққанына осымен үш күн болды. Таңертең форумға қатыса алмады (Almaty Investment Forum 2021 - ескерт.), өйткені ол ем қабылдап жатыр. Оған ангина диагнозы қойылды, қызуы бар. Мүмкін, сағат 16.00-де ол онлайн режимінде қатысады", - деді Мұқажанов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также