ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 01 ақпан 2024 10:50
Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке кірісті
Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасының төрағасы қызметіне кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Комиссияның баспасөз қызметі мәліметінше, 1 ақпанда Санкт-Петербургте 25 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары бекіткен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жаңа құрамы жұмысқа кірісті.
"Бүгіннен бастап ЕЭК алқасының төрағасы - Қазақстан Республикасының өкілі Бақытжан Сағынтаев", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Бақытжан Сағынтаев 2022 жылдың 1 маусымынан бастап Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі (министр) қызметін атқарды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу