Бақытжан Темірболат Елбасы кітапханасының директоры болды

Бақытжан Темірболат Елбасы кітапханасының директоры болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Бақытжан Темірболат Елбасы кітапханасының директоры болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Бақытжан Берікбайұлы Темірболат "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды", - делінген Ақорданың хабарламасында.

2020 жылдың желтоқсанында Бақытжан Темірболат Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылған болатын.

Реклама
Реклама

Бұған дейін ол Президент Әкімшілігінің жалпы бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді және Президент Кеңсесінің басшысы қызметтерінде болды.

Еске салайық, мұның алдында Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжановтың қызметінен босатылғаны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама