14 маусым 2017 | 11:25

"Бақытты отбасы болудың құпиясы". Төрт баланың анасы тату жанұяның сырын бөлісті

© Tengrinews.kz

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеттің Филология пәндерін оқыту әдістемесі кафедрасының қауымдастырылған профессоры Жанар Сейсенбаева "Бақытты отбасы болудың құпиясы" кітабын шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Отбасы құндылығы, тәрбие жайлы 60-қа жуық мақаланың авторы Жанар Сейсенбаева айтып берді. Төрт балалы ана ҚР БҒМ педагогика саласындағы 2015 жылғы үздік ғылыми зерттеуі мен жұмысы үшін Ы.Алтынсарин атындағы сыйлықтың иегері атанған.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеттің Филология пәндерін оқыту әдістемесі кафедрасының қауымдастырылған профессоры Жанар Сейсенбаева "Бақытты отбасы болудың құпиясы" кітабын шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Отбасы құндылығы, тәрбие жайлы 60-қа жуық мақаланың авторы Жанар Сейсенбаева айтып берді. Төрт балалы ана ҚР БҒМ педагогика саласындағы 2015 жылғы үздік ғылыми зерттеуі мен жұмысы үшін Ы.Алтынсарин атындағы сыйлықтың иегері атанған.

Автордың бұл кітабы биыл наурыз айының соңында жарық көрген. Ал кітапты жазуды былтыр күз айында бастаған. Автордың айтуынша, ол бастапқыда кітапты күнделік ретінде жазып жүрген.

Реклама
Реклама

Жанар Айтбергенқызы онда отбасының құндылығы неде екенін, бақытты отбасындағы әйел мен ер адамның рөлі, отбасын сақтап қалу үшін пайдалы кеңестер айтады. Автордың айтуынша, ол кітап жазу барысында ұлттық тәрбиені зерттеп, қазақтың әрбір сөзіне, әрбір мақалына мән беріп отырған. Сондай-ақ, ол кітаптың таралымы 1000 данамен шыққанын және енді тағы да 200 данасын шығару жоспарда бар екенін айтып өтті.

"Қоғамда проблемалар бар, болады және болған да. Бірақ қоғамда адам болып қалу үшін біріншіден тәрбие дұрысталуы қажет. Отбасыны сақтап қалу үшін де тәрбие болу керек. Қазақтың тәрбиесіне жетер тәрбие жоқ екен.
Ұлтты тәрбиелеймін десең алдымен қызды, әйелдерді тәрбиелеу керек", - дейді автор. Сонымен қатар, ол адамдардың отбасында салдармен емес, үнемі себебімен күресу керек екенін айтып өтті.

Оның айтуынша, қоғамдағы қазіргі басты кемшілік - әйелдер әкенің жаман образын көрсетеді. "Сіз осылайша, баланың психологиясына, екіншіден, баланың бойына осындай дән егіп жатырсыз. Балалар ертең солай ойлайды, яғни сіз ана ретінде оларға әкенің отбасында рөлі төмен екенін көрсетіп отырасыз. Сондықтан да әрдайым күйеуіңізбен оңаша сөйлесуге тырысыңыз. Баланың көзінде сіз бақытты отбасы екеніңізді ұмытпаңыз. Әке мен шешенің мейірімін көрген баладан жамандық шықпайды", - дейді ол.


Жанар Сейсенбаева. © Tengrinews.kz

Бірақ Жанар Айтбергенқызы бұл кітаппен шектеліп қана қоймайды. Ол бақытты отбасы құрудың құпиясы жайлы Желі қолданушыларымен де бөлісіп отырады екен. Оқырмандар автордың кеңестеріне жүгініп, пікірлер қалдырып, кітапты қалай сатып алуға болатыны жайлы сұрақтарын қойып жатады. Instagram желісіндегі 13 мың оқырманы бар парақшасында ол отбасы бақытының құндылықтары неде екенін айта отырып, нәзік жандыларға өз ақыл-кеңесін, өмірлік қағидаларын айтып отырады.


© instagram.com/otbasi_kundylygy

Автордың кітабына түрлі пікірлер де жазылған екен. Назарбаев Зияткерлік мектебінің псиxологы Ермек Нұрымовтың айтуынша, кітап қазақи құндылыққа бай, жалпақ тілмен жазылған. ''Өз өміріндегі шынайы мысалдарды келтіре отырып, өмірде әйел мен ердің орнын және міндеттерін көрсете білген. Бұл кітап отбасын құрғалы жатқан немесе отбасылы азаматтарға таптырмайтын құрал десем қателеспеймін", - деп пікір білдірген психолог.

Ал белгілі тележүргізуші Жанат Бақыт осы кітапқа пікір білдіре отырып, неге жаңа бас қосқан жандар жылға жетпей екіге кетісіп, неге еркектің әйелге қол жұмсайтыны жайлы мәселені қозғайды. "Үйлену, бала туу бәріміздің қолымыздан келеді. Оп-оңай сияқты бәрі. Оңай болса, неге ажырасу көп? Ене десе келіндердің шошитыны несі осы? Дәмді тамағын пісіріп, иіліп көрпе болсаң да, күйеуің неге басқаны тауып алады? (...) Жанар Сейсенбаеваның @otbasi_kundylygy парақшасы да, "Бақытты отбасы болудың құпиясы" кітабы да осы сұрақтарға жауап береді. Бұл бізге өте керек кітап. Әсіресе қазіргі қоғамға. Оқыңыз, ой бөлісіңіз!", - дейді тележүргізуші Жанат Бақыт.

Сұхбатының соңында автор ер адамдар мен әйелдерге мынадай кеңес берді. "Ерлерге айтарым - әйелді қадірлеңдер, көңіл болып, оларды аялаңдар. Ал әйел күйеуінің ақылшысы, сырласы, медбикесі, қаржылық қорғаушысы болуы керек. Әйел үйдің берекесін келтіріп, күйеуі әкелген табысты жарқыратып отыруы керек", - дейді кітап авторы.

Бақытты отбасы болудың құпиялары.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная