11 мамыр 2022 | 18:06

"Бала жалғыз болған". Нұр-Сұлтандағы қызды құтқару оқиғасының мән-жайы айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры

Нұр-Сұлтан Полиция департаменті 8-қабаттан құлаған кішкентай қызды құтқару оқиғасының мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан Полиция департаменті 8-қабаттан құлаған кішкентай қызды құтқару оқиғасының мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін, 11 мамырда сағат 10.25-те "102" пультіне Ұлы Дала даңғылы бойындағы "Қамал" тұрғын үй кешенінің 8-қабатындағы терезеде бала ілініп тұрғаны туралы хабарлама түскен.

"Оқиға орнына дереу полицейлер шықты. Сол кезде осы үйдің тұрғыны 36 жастағы Сәбит Шонтақбаев жұмысқа кетіп бара жатқан. Ер адам аулада жұрт ерекше көп екенін, ал 8-қабаттың терезесінде жылаған бала ілініп тұрғанын байқаған. Ер адам еш ойланбастан ішке жүгіріп, 7-қабаттағы көрші үйге барған. Ол өз өмірін қатерге тігіп, терезеге шығып, тәртіп сақшылары келгенге дейін баланы қағып алды", - деді полиция өкілдері.

Реклама
Реклама

Полицейлер 3 жасар бала үйде жалғыз болғанын айтты.

"Бала терезенің астына жұмсақ ойыншықтар мен жастықтарды жинап, терезе алдына шығып, қалқаншаға ілініп қалған. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті қала тұрғынына белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғысын білдіреді", - деп толықтырды ведомство өкілдері.

ПД мәліметінше, баланың анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілген.

"Полиция ересектерге қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады. Балаларды ешқашан қараусыз қалдырмаңыз, балалардың ашық терезе маңында ойнауына жол бермеңіз. Терезе тұтқаларын алып қойыңыз немесе арнайы құлыпты пайдаланыңыз, терезе блокаторларын орнатыңыз. Есіңізде болсын, балаңыздың өмірі мен денсаулығы сіздің қолыңызда", - деп қорытындылады полицейлер.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда ер адам 8-қабаттың терезесінен құлаған қызды қағып алғаны хабарланған еді.

Нұр-Сұлтанда 8-қабаттан қызды қағып алған ер адам оқиғаның мән-жайын айтты

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram