Бала сату, еңбекке мәжбүрлеу: Қазақстанда ірі қылмыстық схемалар ашылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ІІМ әлеуметтік осал топтарды, соның ішінде кәмелетке толмағандарды да қамтыған қылмыстық схемаларды анықтады. Адам саудасына байланысты бірқатар ауыр қылмыстың жолы кесіліп, барлығы 39 дерек тіркелген, оның алтауы кәмелетке толмағандарға қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ әлеуметтік осал топтарды, соның ішінде кәмелетке толмағандарды да қамтыған қылмыстық схемаларды анықтады. Адам саудасына байланысты бірқатар ауыр қылмыстың жолы кесіліп, барлығы 39 дерек тіркелген, оның алтауы кәмелетке толмағандарға қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ мәліметінше, Алматыда жаңа туған нәрестелерді сату дерегіне қатысы бар қылмыстық топ әшкереленген. Ұйымдастырушылар қиын жағдайға тап болған жас әйелдерді сыйақы үшін сәбиін бөгде адамдарға беруге итермелеген.

"Барлық қатысушы ұсталған. 20-дан аса қылмыстық іс тергеліп жатыр", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Абай облысында азаматтарды мәжбүрлі еңбекке тартып, қанау дерегі анықталды. 11 қылмыстық іс қозғалып, материалдар сотқа жіберіліп жатыр.

Сонымен қатар, түнгі ойын-сауық орындарын жүйелі тексеру барысында Шымкентте, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарында азаматтарды, соның ішінде кәмелетке толмағандарды қанау дерегі анықталған.

Астанада полиция мен прокуратура бірлесіп, теміржол вокзалы маңында рейдтер жүргізген. Азаматтарды сексуалдық мақсатта пайдалануға арналған притондарды ұйымдастыру және ұстау бойынша сегіз адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр.

"Ақмола облысында діни топтың әрекеті тоқтатылды. Бұл топ еркін жыныстық қатынастарды және отбасылық құндылықтардан бас тартуды насихаттайтын "рухани орталық" ұйымдастырған. Тінту барысында діни әдебиеттер, атрибуттар мен ритуалдық заттар табылды. Сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін Астана, Алматы және Шымкент қалаларында "элиталы эскорт" ұйымдастырушыларының қызметі тоқтатылған. Олар түнгі клубтар мен барларға жас қыздарды тартып, жеңгетайлықпен айналысқан. Қылмыстық істер сотқа жіберілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама