ПОДЕЛИТЬСЯ
17 тамыз 2020 | 16:08
Бала туу көрсеткіші бойынша Қазақстандағы топ-5 өңір аталды
Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жарты жылда қанша қазақстандық дүниеге келгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жарты жылда қанша қазақстандық дүниеге келгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алты ай ішінде елде 197 265 сәби дүниеге келді, 2019 жылы осы кезеңде 193 412 бала туған.
Бала туу көрсеткіші бойынша Қазақстандағы ТОП-5 өңір:
Түркістан облысы - 27 512 адам. Былтыр бұл жерде 26 161 сәби дүниеге келген.
Одан кейін Алматы облысы, онда жарты жылда 25 361 бала дүниеге келді, 2019 жылдың ұқсас кезеңінде 24 434 сәби туған.
Үшінші орында Алматы. Мұнда жарты жылда 16 547 сәби дүниеге келді. Өткен жылы жарты жылда 16 575 бала өмірге келген.
Одан әрі Нұр-Сұлтан қаласы. Елордада 14 123 бала дүниеге келген, 2019 жылдың бірінші жартысында қалада 14 237 сәби туған.
Бестікті алты ай ішінде Қазақстанның 13 718 жаңа азаматы тіркелген Шымкент қорытындылайды. 2019 жылдың жартысында бұл аймақта 13 018 бала дүниеге келген.
Елімізде балалар ең аз туған - Солтүстік Қазақстанда облысы. 3294 сәби дүниеге келді. 2019 жылдың ұқсас кезеңінде мұнда 3323 нәресте тіркелген.
Қазақстанда 2020 жылдың алты айында барлығы 64 968 адам қайтыс болды. Салыстыру үшін: 2019 жылдың бірінші жартысында 66 613 өлім тіркелген.
Жарты жылда табиғи өсім +132 297 адамды көрсетті. 2019 жылы 126 799 адам болған.
Халықтың табиғи өсімі - туу көрсеткішінің өлімнен асуы, яғни уақыт кезеңіндегі туғандар мен қайтыс болғандар санында айырмашылық.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также