ПОДЕЛИТЬСЯ
19 наурыз 2021 | 15:49
Балаарбаны қағып кеткен курьер оқиға орнынан неге кеткенін түсіндірді
Алматыда балаарбаны қағып, қашып кеткен мопед жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы Алматы полиция департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда балаарбаны қағып, қашып кеткен мопед жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы Алматы полиция департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Курьер оқиға болған жерден неге қашып кеткенін түсіндірді. Жүргізуші Алматы қаласының 1983 жылы туған тұрғыны болып шықты.
"Іздестіру бөлімінің қызметкерлері мопед жүргізушісін анықтап, ұстады. Ер адам жазадан қорқып, оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндіреді. Ұсталған азамат Алмалы ауданының Полиця басқармасына жеткізілді. Оның оқиға орнынан бой тасалауы істі ауырлатады және үкім шығару кезінде ескерілетін болады", - деп хабарлады Алматы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.
Айта кетейік, 16 наурызда мопед жүргізушісі Төле би даңғылында үш айлық бала жатқан арбаны қағып, қашып кеткені хабарланған болатын. Нәтижесінде сәби зардап шегіп, балалар ауруханасына жеткізілді.
Ескерту! Жүйкесі нашар адамдарға көруге болмайды!
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также