ПОДЕЛИТЬСЯ
31 шілде 2020 | 13:09
"Балаға зияны тимесін" - дәрігер маска тағу туралы
Қазақстандық дәрігер Дмитрий Киреев балалардың міндетті түрде маска тағуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық дәрігер Дмитрий Киреев балалардың міндетті түрде маска тағуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы дәрігер Instagram-дағы парақшасында жазды. Ол АҚШ-тың педиатрлар қауымдастығы мен ауруларды бақылау және алдын алу орталығының деректеріне сүйене отырып, балаларға маска тағуға болмайтынын айтты.
"Олар 2 жасқа дейінгі және тыныс алу проблемалары бар балаларға маска тағуға тыйым салған. Сондай-ақ, масканы өздігімен шеше алмайтын балалар да оны тақпағаны жөн. Бұл топтағы балалар жанындағы адамдардан алыс жүріп, арақашықтықты сақтағаны жөн. Менің ойымша, әрбір ана мұны ескеріп, баласына зиян тигізбеу жағын ойлайтын шығар. Зиян тигізбеу дегеніміз тұншығуға жол бермеу", - деп түсіндірді дәрігер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Д О К Т О Р К И Р Е Е В (@doctor_kireyev) 30 Июл 2020 в 10:45 PDT
Алексей Цой маска тағу бойынша бұйрыққа қол қойды
Айта кетейік, 30 шілдеден бастап, Қазақстанда көшеде маска тағу міндеттелді.
Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой көшеде ересектер ғана емес, балалар да маска тағуы міндетті екенін айтқан еді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также