30 маусым 2021 | 13:55

Балалар "дельта" штамын 5 есе жиі жұқтыра бастады - Шарман

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Коронавирустың үнді штамын балалар бес есе жиі жұқтыра бастады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында профессор-иммунолог, Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Коронавирустың үнді штамын балалар бес есе жиі жұқтыра бастады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында профессор-иммунолог, Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сарапшылар коронавирусының "дельта" нұсқасы "ұлыбританиялыққа" қарағанда 60 пайызға және оның барлық нұсқасына қарағанда әлдеқайда жұқпалы деп санайды.

Сонымен қатар, "дельта" нұсқаны жұқтырғандардың ауруханаға түсуі және өлім қаупі едәуір жоғары. Мұны қазір Нұр-Сұлтан қаласында байқап отырмыз. Тағы бір ерекшелігі, балалар "дельта" штамын бес есе жиі жұқтыра бастады", - деді Алмас Шарман.

Сондай-ақ, ол Қазақстанда эпидемияға қарсы шараларды күшейту қажет екенін айтты.

Реклама
Реклама

"Қазіргі жағдайда эпидемияға қарсы шараларды жеңілдету сөзсіз вирустың тарауына және осал топтағы адамдардың өліміне әкеледі. Эпидемияға қарсы шараларды жеңілдетуге болмайды, оларды күшейту қажет.

Бірақ, ең бастысы, халықтың басым бөлігін тезірек вакциналауымыз керек. Бұл неғұрлым ұзаққа созылса, коронавирустың мутацияға және жұқпалы, агрессивті нұсқаға айналу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Вакцина салдырмаған адамдар вирустың резервуары тәрізді болады. Олар өмір сүру үшін белсенді түрде өзгеріске ұшырайды", - деді Алмаз Шарман.
 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная