“Балалар құрмет көрсеткен“. Білім басқармасы имамның видеосына қатысты пікір білдірді

видео кадры

Түркістан облысы Білім басқармасы әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен имамның видеосына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысы Білім басқармасы әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен имамның видеосына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басқарма мәліметінше, видеодағы жағдайды анықтау үшін бірден тиісті жұмыстар жүргізілген.

"Сатыбалды Әбішұлы атындағы Сарыағаш медресесінде таң намазынан кейін студенттерге айтқан уағыз-насихат барысында медресенің бас ұстазы Әбдужаппар Смановтың аяғына жаттығу жасап отырған шәкірттері емес, өз немерелері мен жиені екені, өз немерелері әрдайым атасына құрмет көрсетіп, ақ батасын алу үшін жаттығу жасап беріп, ілтипат білдіретіні белгілі болды", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде балаларға аяғын уқалатқан имам қызу талқыға түсті. Оқиға Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы мешітте болған.

ҚМДБ оқиғадан кейін мешіт имамына ескерту жасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама